Петропавл екінші жылу электр станциясында 2022 жылдан бастап экологиялық мониторингті цифрландыру бағдарламасы енгізілуде. Бүгінде автоматтандырылған жүйе нысандағы әр түтін мұржасына орнатылған. Оның көмегімен мамандар қоршаған ортаға таралатын азот диоксиді, күкірт диоксиді және шаң секілді ластаушы заттардың мөлшерін үздіксіз бақылап отырады.
-Газовый анализ происходит моментально. Каждую секунду происходит измерение концентраций загрязняющих веществ. Далее эти концентрации суммируются в среднее значение, в течении 20 минут. И этот пакет усредненных концентраций передаются уже в государственные органы, непосредственно в общую площадку, где отображается эта система.
Дәл осындай бақылау құрылғылары Есіл өзеніне жіберілетін судың сапасын да қадағалайды.
НИКОЛАЙ МАКСИМОВ, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы:
– Өлшегіш құрылғылардан түсетін мәліметтер бірден экологтарға жіберіледі. Құрылғылар адамның қатысуынсыз жұмыс істейтіндіктен, алынған деректерді қолмен өзгерту немесе өшіру мүмкін емес. Барлық ақпарат мемлекеттік деректер базасында 5 жыл бойы сақталады.
Мониторинг жүйесі жыл сайын арнайы тексерістерден өтеді. Мамандар құрылғылардың өлшеу дәлдігін қадағалап, калибрлеу жұмыстарын өткізеді. Ауаға бөлінген улы заттардың көлемі тиісті көрсеткіштерден асатын болса, жүйе автоматты түрде белгі береді.
ДАМИР ЖҰМАБАЕВ, СҚО бойынша экология департаментінің бөлім басшысы:
– Бұл жүйе бізге кәсіпорынның жұмысын тәулік бойы қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді. Егер зиянды заттар рұқсат етілген шектен тыс ауытқып жатса, тез арада заң бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолданылады немесе профилактикалық тексеріс тағайындалады. Қазіргі таңда станциядағы барлық көрсеткіштер қалыпты шекте.
Айта кету керек, автоматтандырылған мониторинг жүйесінің деректеріне сүйінетін болсақ, қазір бөлініп жатқан күкірт диоксидінің көрсеткіші небәрі 1186 мг-ды құрайды. Бұл белгілеген нормадан 3,5 есе кем. Мамандардың айтуынша, жүйенің көмегімен қаланың экологиялық қауіпсіздігі толығымен қадағалануда.
Жаннур Бектурганова