Балалар

Интеллектуалды ойын: Ата заңды қаншалықты білеміз?

“Заң мен Тәртіп” республикалық акциясы аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде ерекше интеллектуалды ойын өткізілді. Тапқырлар сайысына қатысқан студенттер командаларға бөлініп, жаңа Ата заңға қатысты сұрақтарға жауап берді.

ӘБІЛҚАЙЫР ҚАЙДАР, СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:
– Мұндай кездесулер мен танымдық іс-шаралар жастар арасында ұлттық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ойынның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Интеллектуалды ойынға 15 студент қатысты. Олар 3 топқа бөлініп, білімдерін тексерді. Мұндай сында тапқырлықтан бөлек, командалық жұмыс та маңызды рөл атқарады. Интеллектуалды ойынның жеңімпазы – “Парламент” командасы.

АРТУР ГИВЗАТУЛЛИН, қатысушы:
– Мен – “Парламент” командасының капитанымын. Конституция тақырыбына арналған интеллектуалды ойынның жеңімпазы атандық. Түрлі сауал қойылды. Көбіне заңдағы өзгерістерге қатысты сұрақтарға жауап бердік. Жауаптарымыз дұрыс болып шықты. Бір қызығы, арнайы дайындалған жоқпыз.

Сайыс соңында қатысушы командалардың барлығы марапатқа ие болды.