– Мас күйде шықса, бірден жедел шара қолданыңыздар. Төбелеске жеткізгенін күтпеңіздер.
Мамыр мерекелері кезінде өңір тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Оның барысында полиция қызметкерлері түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізді. Мамандар әсіресе маскүнемдер мен бұрын сотталған және есепте тұрған жандарды назарда ұстады.
– Мы сейчас повторно пришли сюда с проверкой. Не только к вам, полностью проверяем все комнаты.
Түнгі рейд барысында бірнеше заңбұзушылық тіркелді. Мына азаматтардың үшеуі де арнайы есепте тұр. Ендеше оларға ішімдік ішуге тыйым салынған. Ал шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған біреуі тұрғылықты жерінде болмай шықты.
– Если друг в гостях находится, пусть находится, но пускай тоже не распивает, бардак не устраивает.
Рейд барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылды. Облыс орталығындағы екі бірдей ойын-сауық орнында 16 жастағы даяшылардың түнгі уақытта жұмыс істегені анықталды.
– Не плачьте, всё нормально! Не надо плакать. Может быть, мы вас уберегли от какой-то плохой компании или от какой-то плохой ситуации.
Бұл ойын-сауық мекемелерінің иелері мен кәмелетке толмаған ұл-қыздардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
ЖАНАТ МҰСТАФИНА, қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы:
– Біз ойын-сауық мекемелерін әрі қоғамдық орындарды тексердік. Себебі, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілсіз жүруіне тыйым салынған. Біздің басты мақсат – айыппұл салу емес, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, полицейлер ойын-сауық мекемелеріндегі тәртіптің сақталуына да ерекше көңіл бөлді.
-Просим вас с администрацией своей проводить разъяснительную работу в данном направлении, чтобы не нарушали общественный порядок, также я оставил телефон у вас на барной стойке, звоните, мы несём службу в ночное время суток. – Спасибо за поддержку.
Жалпы, түнгі рейд барысында петропавлдық полицейлер 70-тен астам құқық бұзушылық анықтады.
Улан Ыдырыс