Теріскейдің мақтанышына айналған есту қабілеті шектеулі дарынды бишілерден құралған “Sensitive” би театры елорда сахнасын бағындыруға аттанды. Петропавлдық ұжым “Астана балет” театрында “Ботай” атты этно-пластикалық қойылымды көрермен назарына ұсынбақ. Қойылым Ботай мәдениетінің терең философиясы мен мифологиясын баяндайды. Нақтырақ тоқталсақ, жұртшылық Киелі бие рухынан туған Желқанат пен Күн мен Жердің перзенті арасындағы достық туралы аңызды тамашалай алады. Перфомансты Астана қаласында 16-17 мамыр күндері сағат 18:00-де “Астана Балет” театрының сахнасынан тамашалау мүмкіндігі бар. Кіру тегін.
Жаннур Бектурганова