Сапалы әрі қолжетімді бағаға аяқ киім таппай жүрсеңіз, Партизан көшесі, 101 мекенжайында орналасқан “Автомаркет” ғимаратына келіңіз! Облыс орталығында белорус аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қала тұрғындарының назарына жылдың әр мезгіліне арналған тауарлардың мол ассортименті ұсынылған. Шараға келген тұрғындар аяқ киімнің сапасын жоғары бағалауда.
ВАДИМ СЕРГИЕНКО, қала тұрғыны:
– Әрдайым Беларусь аяқ киімдерін сатып аламын. Тауардың сапасына көңілім толады. Жазда киюге арналған аяқ киім алуға келдім. Маған тауардың тігісі мен дизайны ұнайды.
Айта кету керек, егер 2 аяқ киім сатып алсаңыз, жылы көрпе немесе жастық сыйға беріледі. Тауарлардың құны 15 мың теңгеден аспайды. Шекара сыртынан жеткізілген өнім өте ыңғайлы, бұзау терісінен тігілген. Асты арнайы гельден жасалған, су өткізбейді. Мұнда аяқ киіммен қатар, Иваново тоқыма бұйымдары да саудалануда. Шара 17-мамырға дейін жалғасады.