Шығармашыл жастарға таптырмас мүмкіндік! М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да мультимедиалық жоба байқауы жарияланды. Бақ пен бап сыналатын сайыс 65 жылын ғылым мен білімге арнаған тау тұлға Зарқын Тайшыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған. Талап бойынша қатысушылар ел ағасының еңбек жолы жайлы 1 және 3 минут аралығындағы бейнежазба және шағын деректі фильм түсіруі тиіс. Конкурс жайлы бар ақпармен Қозыбаев университетінің аға оқытушысы Күләйхан Рахмет бөлісті.
КҮЛӘЙХАН РАХМЕТ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ аға оқытушысы:
– Байқаудың жүлде қоры қомақты. Бірінші орын алған жанға – 300 мың, екінші орынға – 200 мың, үшінші орынға – 100 мың теңге беріледі. Өңіріміздің “Журналистика” саласының дамуына қосқан үлесі зор тау тұлға туралы жазатын дүние көп деп ойлаймын. Осы сияқты байқаулар жас таланттарды анықтауға зор септігін тигізеді.
Өтінім 18 мамырға дейін қабылданады. Ал байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері 22-мамырда анықталады. Журналист, ғалым, жазушы, өлкетанушы, Абай және Шоқантанушы. Зарқын Сыздықұлының еңбек жолы жайлы айта берсең сөз таусылмайды. Ұлағатты ұстаз 80-нен асса да шәкірт тәрбиелеп жүр. Профессор аққайыңдар өлкесінде өткізген 26 жылдың ішінде 30-дан астам кітап жарыққа шығарған.
КҮЛӘЙХАН РАХМЕТ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ аға оқытушысы:
қаз 598, 1:38-2:07 Өзім де Зарқын Тайшыбайдың шәкіртімін. Ол университеттегі “Журналистика” кафедрасын ашқан. Ағамыздың шәкірттері қазіргі таңда телеканалдарды басқарып, редактор болып отыр.
Жоғарыда айтылғандай, Зарқын Тайшыбай 2001 жылы университетте “Журналистика” мамандығының қазақ тобын ашып, қаламы қарымды тілшілерді даярлауға кірісті. Осы уақыт ішінде 300-ге жуық түлек ұшырды. Біртуар тұлғаның бұл игі ісі облыстағы аталған сала бойынша кадр тапшылығын жоюға зор септігін тигізуде.
Нурасыл Ахмет