НҰРАСЫЛ ЕРЖАНҰЛЫ, тілші:
– Жеңіс саябағына аяқ басқан әр адам ерекше сезімді бастан кешіреді. Бүгін бойды тіпті толқыныс билейтіні сөзсіз. 9-Мамыр… Әдеттегідей Есілден таяқ тастам жерде орналасқан алаңда ине шаншар жер жоқ. Қаумалаған халық өз батырларын еске алуға, рухтарына тағзым етуге келіп жатыр.
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Түрлі орган, қауымдастық пен ұйым өкілдері де бой көрсетті. Барлығы сап түзеп, Жеңіс стеласына гүл шоқтарын қойып, ата-баба рухына тағзым етті. Кейін бір минут үнсіздік жарияланды. Мұнда жүрген әрбір жанның айтары бар. Қан майданға біреуінің әкесі, енді біреуінің атасы қатысқан. Еске алушы ұрпақ тұрғанда батыр ерлердің есімдері ешқашан ұмытылмайды.
ТОЙЖАН ТӘЖЕНОВА, қала тұрғыны:
– Менің әкем соғыстың басынан аяғына дейін болды. Қан майданнан мүгедек болып оралды. Мүгедек болғанына қарамастан балаларын асырау үшін совхозда еңбек етті.
Ал Мархаба Сыздықованың әкесі Батталғазиз Сағдиұлы 17 жасынан соғысқа аттанған. Нәзікжанды өзін батырдың қызымын деп санайды. Әкесінен қалған естеліктерді ешқашан ұмытпайды.
МАРХАБА СЫЗДЫҚОВА, қала тұрғыны:
– Менің әкем соғысқа 1942 жылы аттанды. Майдандастарымен бірге Польшаға дейін жеткен. Соғыста кеудесіне оқ тиді. Салдарынан ерте өмірден өтті.
Салтанатты шарадан кейін жиналған қауым Жеңіс саябағындағы сахнаға беттеді. Мұндай арнайы концерт өтті. Жергілікті өнер ұжымдары соғыс туралы әндер шырқады.
Нурасыл Ахмет