ҰЛАН ЫДЫРЫС, тілші:
– Бүгін Петропавлдың басты алаңында Ұлы Жеңіс күні тойлануда. Мұндағы халықтың қарасы қалың. Дүйім жұртқа арнап қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерт ұйымдастырып отыр. Мерекелік іс-шара тұрғындардың көңілінен шығып жатыр ма? Халықтың пікірін бірге біліп қайтайық.
Мерекелік концертке қалалық мәдениет үйінің «Звонница-наследие» ансамблі де қатысуда. Бүгін ұжымның 40-қа жуық өкілі өздерінің арнайы дайындаған билері мен әндерін қала тұрғындарына паш етті.
ЕВГЕНИЯ ЧУМАК, “Звонница-наследие» ансамблінің солисі:
– Бүгін біздің ансамбль бірнеше ән шырқады. Бұл мерекеде біз жыл сайын өнер көрсетеміз. Репертуарымыз бай. Көрсеткен өнеріміз қала тұрғындарының, қонақтарының көңілінен шығады деген ойдамын.
Мерекелік іс-шараға келген жандардың қатарында Татьяна Покатилова бар. Нәзікжандының аталары майданда қаза тапқан. Азаматша батыр бабаларының жыл сайын еске алады екен.
ТАТЬЯНА ПОКАТИЛОВА, қала тұрғыны:
– Менің әкем аталарым жайлы әрдайым айтатын еді. Олар сұрапыл соғысқа қатысты. Атам Ленинград түбінде қайтыс болды, ал атамның ағасы Белоруссияның Витебск қаласында мерт болды. 2020 жылы олардың қайда жерленгендерін анықтадым. Енді бабаларымның ерлігін келер ұрпаққа айтатын боламын.
Айта кетейік, жалпы мерекелік концерт барысында мәдениет үйінің өнерпаздары қала тұрғындарының назарына 40-қа жуық нөмір ұсынды.
Улан Ыдырыс