Спорт

Астанада дзюдодан “Qazaqstan Barysy Grand Slam” халықаралық турнирі басталды

Кіл мықтылар бас қосқан бәсеке! Астанада дзюдодан “Qazaqstan Barysy Grand Slam” халықаралық турнирі басталды. Дүбірлі додаға әлемнің 38 елінен келген 300-ден астам спортшы қатысады. Ережеге сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлерге олимпиадалық рейтинг ұпайлары үйлестіріледі. Мәселен, 1-орынға – мың, екінші орынға – 700, үшінші орынға – 300 ұпай беріледі. Байрақты бьәсекеде ел намысын 54 палуан қорғайды. Оның ішінде теріскейлік Назгүл Маратова да бар. Айта кету керек, Қазақстан “Grand Slam” жарысын осымен 4-ші жыл қатарынан қабылдап отыр.

Нурасыл Ахмет