Қоғам

Президент Татьяна Долбышеваны II дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада сардарлар мен сарбаздарды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады. Салтанатты шарада елдің тыныштығы мен тұрақтылығы жолында аянбай тер төгіп жүрген бір топ адам марапатталды. Еңбегі еленгендердің қатарында облыстық полиция департаментіне қарасты Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Татьяна Долбышева да болды. Президент қолынан марапат алған жалғыз нәзікжандыға II дәрежелі «Айбын» ордені табысталды. Капитан ішкі істер органдарында 2013 жылдан бастап қызмет етеді. Оның былтыр Дубайда өткен халықаралық жарыста “Томирис” құрамасы сапында өнер көрсетіп, жеңіске жеткені көпке мәлім.

 

Байболат Култанов