Петропавлда бүгінгі мереке мен киокушинкай карате ұйымы филиалының 25 жылдығына орай республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Татами үстіндегі тартысқа алыс-жақыннан 600-ден астам спортшы жиылды. Қатысушылардың ең жасы 7-де болса, ең үлкені 50-ге жеткен. Жарысты ұйымдастырудағы мақсат – алдағы уақытта облыс орталығында өтетін “Еуразия” кубогына іріктеу.
ТӘДЖІМҰРАТ НАЙЗАБЕКОВ, Бүкілқазақстандық киокушинкай карате ұйымының президенті:
– Болашақта бұл турнир халықаралық деңгейге көтеріледі деп ойлаймын. Себебі, Қазақстанның барлық өңірінен болмаса да 5 облысынан 650 спортшы қатысып жатыр. Жарысқа әр түрлі ұлт өкілдерінен балалар қатысып жатыр. Біздің мақасатымыз да сол – барлығын бір отан, бір ту астында тәрбиелеу, шыңға шығару.