Петропавлдағы Тұңғыш Президент саябағында «Жеңіс – бірлікте» жобасы аясында марафон ұйымдастырылды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері өткізген шара аймақта салауатты өмір салтын насихаттауға және спортты дамытуға бағытталған.
ӘНУАР ТОҚПАН, облыстық ҚХА бөлім басшысы:
Бұл – жылда ұйымдастырылатын жарыс. Аталған жарысқа өзге ұлт өкілдері, этномәдени орталықтардың басшылары қатуда және қатысамын деген барлық тұрғынға есік ашық”.
Марафон шарты бойынша қатысушылар 1 шақырымды бағындыруы тиіс. Мәреге ең алғаш Павел Коньков келді. Желаяқ жүгіруге бұрыннан құмар.
ПАВЕЛ КОНЬКОВ, қатысушы:
– Мен спортпен бала кезімнен айналысамын. Бүгінгі жарысқа тыңғылықты дайындалдым. Сайыс барысында соңына дейін күресуге тура келді, қарсыластарымды аңдып, ұзап кетпеулерін қадағалап отырмын. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын.
«Жеңіс – бірлікте» марафонына 100-ден астам адам қатысты. Оларға Алғыс хаттар мен мақтау қағаздары табысталды. Ал жеңіс тұғырына шыққандар арнайы кубоктармен және дипломдармен марапатталды.