БалаларСпорт

“Экспромт” би театры елге жеңіспен оралды

Петропавлдық “Экспромт” би театры халықаралық байқаудан олжалы оралды. Өнер ұжымы Санкт-Петербор қаласында өткен “Балтық маржаны” ХХ халықаралық би байқауында бақ сынады. Өнер додасына 70-тен аса ұжым, яғни 4 мыңнан астам биші қатысқан. Осындай бәсекеде жерлестеріміз бірнеше жүлделі орынға ие болды.

ЕЛЕНА МАРИНЕЦ, “Экспромт” халықтық би театрының көркемдік жетекшісі:
– Мұндай деңгейдегі байқауға қатысу – біз үшін зор мәртебе. Үш 1-ші және бір 2-ші орын иелендік. Барлығы – төрт би ұсындық. Соның бірі – “Holiday Joy “атты үнді шоуы. Сосын “Street hip- hop” стилінде жаңа би биледік. Аталған биді Омбы қаласынан шақырылған арнайы хореограф қойды.

Халықаралық байқауда Қазақстанның атынан жалғыз “Экспромт” халықтық би театры өнер көрсеткен. Қазылар алқасы петропавлдық ұжымның сахналық мәдениеті мен орындау шеберлігін жоғары бағалапты.

МӘДИНА МУСИНА, “Экспромт” халықтық би театрының бишісі:
– Біз қатты уайымдадық, қобалжыдық. Осы жылғы дайындығымыз жақсы болды. Өз басым бимен бала кезімнен бастап айналысамын. Бұл топқа келгеніме екі жылдай уақыт болды. Еш өкінбеймін.

Айта кету керек, би тобы 9-шы мамыр күні басты аланда ұйымдастырылатын концертте өнер көрсетеді. Сондай-ақ, ұжым осы айдың соңында есептік ығармашылық концертін өткізеді.