Облыс орталығында “Қызылжар барысы” турнирі аяқталды. Дәстүрлі дода биыл “сен тұр, мен атайын” деген солтүстікқазақстандық 80-ге жуық бозкілем шеберін жиды. Олар 5 салмақ дәрежесі бойынша мақтыны және “Түйе палуанды” анықтады. Жарыстың қорытындысына тоқталайық. Сайыста Досжан Сапарғали, Ғабдолла Ақжан, Мирас Амангелді, Руслан Ильбисинов және Бекасыл Ермахан сынды толағайлар атой салды. Айта кетейік, бұлар маусымның ортасында Түркістанда жалауын желбірететін Халық ойындарына қатысады. Ал “Түйе палуан” атанған Әділет Мұрзаш күзде Семей қаласында өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде күш сынасатын болады.
Байболат Култанов