Білім

Әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу мәселесі талқыланды

Петропавлда жасанды интеллект тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны Ұлттық ұлан академиясының жалпы білім беретін пәндер кафедрасы мен облыстық кітапхана мамандары бірлесіп ұйымдастырды. Жиынға “Zoom” платформасы арқылы шетелдік ғалымдар да үн қосты. Тараптар әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу мәселесін талқылап, ұсыныс-тілектерін білдірді. Осы ретте жергілікті университет профессоры Алексей Савостин әскери техникаға техникалық қызмет көрсету саласында жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін таныстырды. Оның сөзінше, бұл жүйе үлкен көлемдегі деректі жылдам өңдеп, ақаудың себебін анықтауға септеседі.

АЛЕКСЕЙ САВОСТИН, М. Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры:
– Техникалық қызмет көрсету барысында сервистік есептерде, жөндеу журналдарында және техникалық актілерде үлкен көлемде дерек жиналады. Сол мәліметтерді қолмен сараптау көп уақытты қажет етеді. Жасанды интеллект осы ақпаратты автоматты түрде өңдеп, жиі кездесетін ақауларды және олардың негізгі себептерін анықтайды. Нәтижесінде жұмыс процесі жеңілдеп, уақыт үнемделіп, тиімділік артады.

 

Жангельды Жамалиев