Полицейлер Тайынша ауданы Донецкое ауылының маңында заңсыз төгілген қоқыс орнын анықтады. Оның пайда болуына 45 жастағы жергілікті тұрғын себеп болған. Азамат “КамАЗ” жүк көлігімен аумаққа бірнеше рет қалдықтарды төгіпті. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 86 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, талап бойынша ауыл тұрғыны заңсыз төгілген қалдықты өз күшімен жойды.
Нурасыл Ахмет