Спортты жанына серік еткен ұл-қыздар “Тұңғыш Президент” саябағына жиналды. Петропавлда жастар арасында жаппай жүгіруден жарыс өтті. Шара Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған. Қатысушылар демалыс орнының бойымен 1 шақырым жолды жүгіріп өтуі тиіс.
АЙГҮЛ СӘРСЕНБАЕВА, СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:
– Мұндай шаралар арқылы жастар өздеріне жаңа таныс, жаңа дос табады.
Шараға барлығы 100-ден астам жас қатысты. Алдымен жарыс жолына қыздар шықты. Бірі белгіленген қашықтықты еңсере алмаса, енді бірі мәреге жету үшін барын салды. Ал жігіттер арасында талас-тартыс қызу жүрді. Барлығы бір-бірінен қалысар емес. Әрқайсысы мәре сызығын бірінші болып кескісі келеді.
МАҚСАТ КЕНЖАЛЫ: М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенті:
– Өз басым салауатты өмір салтын ұстанамын. Бокспен айналысып жүргеніме 5 жылдан асты. Жүгіруді жаным сүйеді.
Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай жарыстарды әр мереке сайын өткізуді жоспарлап отыр.
Нурасыл Ахмет