Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ұлы Жеңіс күні қарсаңында “Естелік қабырғасы” шарасы ұйымдастырылды. Жиын сұрапыл соғыс жылдарында елді жаудан қорғаған қаһармандардың есімін жаңғыртуға бағытталған. Іс-шараға мектеп оқушылары, студенттер, мәслихат депутаттары мен ардагерлердің ұрпақтары жиналды. Келушілер өздерімен бірге майдангер аталарының суреттерін әкеліп, олардың ерлігі туралы естеліктерімен бөлісті.
ДИАНА ЕРСАИНОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім басшысы:
– Бұл іс-шара жастарға ең біріншіден ата-бабамыз сыйлаған бейбітшілік үшін тағзым етіп, ұмыттырмас үшін өткізіледі”. 00:28-00:57 “”Естелік қабырғасына” қатысушылар қан майданда ерлік еткен ата-бабаларының суреттерін орналастырды. Біраз естеліктерімен бөлісті. Өте өнегелі кеш болды.
Кездесуде ерекше назар аударылған тұлғалардың бірі – аты аңызға айналған десантшы, соғыс ардагері Василий Макиенко. Василий Васильевич 1943 жылы әскерге алынып, Украина, Румыния, Венгрия мен Австрия елдерін жаудан азат етуге қатысқан. Ол 75 рет парашютпен секірген. Ардагер 99 жасында дүниеден өтті. Бүгін оның ұрпақтары аталарының жауынгерлік медальдарын әкеліп, батырдың өнегелі өмірін жастарға үлгі етті.
ОЛЕСЯ ЦОЛЬ, ҰОС ардагерінің немересі:
– Бүгін атамның медальдарын, әр бетіне алғыс пен сыйлықақы жазылған еңбек кітапшасын ала келдім. Ол тек соғыс қаһарманы емес, өз ісінің нағыз шебері, үлгілі отағасы болды. Есімде қалған ерекше ыстық естелік – бала кезімде атам мені дәмханаға апарып, балмұздақтың неше түрін алып беретін. Мені еркелетіп, ерекше мейіріммен өсірді. Сонымен қатар, ол кісінің жауапкершілігі өте жоғары еді. Жоспарланған іс-шараларға бірнеше сағат бұрын тас-түйін дайындалып отыратын. Біз оның осындай ұқыптылығы мен өмірлік даналығына қарап бой түзедік.
Іс-шара барысында жастар майдангерлерге арнап өлең оқып, патриоттық әндер шырқады.
Жаннур Бектурганова