Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында “Абылайхан резиденциясы” музей кешені аумағында ауқымды жиын өтті. Аспан астында өткен басқосуға 100-ден астам колледж студенті мен мектеп оқушысы қатысты. Іс-шара ел мен жері үшін қан майданда жанын берген сарбаздарды еске алып, құрмет көрсету мақсатында өткізілді. Жастар назарына концерттік бағдарлама мен XVIII ғасырдың қару-жарағы, жауынгерлік өнер элементтері және қару-жарақты бөлшектеу мен құрастыру бойынша машық көрсетілді.
ӘСЕМГҮЛ ҚЫДБЕКОВА, “Абылайхан резиденциясы” музей кешені директорының орынбасары:
— Тарихта ойып тұрып орын алатын батырларымыз көп. Кейбіреуінің есімдері ұмытылып, айтылмай қалды. Сол себепті, біздің мақсатымыз – өскелен ұрпаққа олардың есімін ұмыттырмауымыз қажет.
Биыл Ұлы Жеңістің 81 жылдығы атап өтілмек. Бұл мерекені ұмытпау және құрмет тұту – қазіргі ұпақтың парызы. Мерекелік іс-шарада әсіресе әскери әндер шырқалды. Шараға ардагерлер де қатысты. Алдыңғы буын өкілдері жастарға бейбітшілік пен бірліктің маңызын түсіндірді.
ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
— Соғыс кезінде 29 млн адам қайтпас сапарға аттанған. Ол біз үшін үлкен қайғы-қасірет болды. Ондай қайталанбас үшін соғыстың зардабын есімізде сақтаған жөн”. 02:20-02:26 “Ата-бабамыздың арқасында егеменді елде тұрып, бақытты өмір сүріп отырмыз.
Жиынға қатысқан студенттер мен оқушылар сарбаздардың заманауи қару-жарақты қолдану тәсілдерін көріп, тарихи экспонаттарды өз көзімен тамашалады. Аға буынның өсиетін тыңдаған жастар Отан алдындағы жауапкершіліктің салмағын сезініп, өз ойларымен бөлісті.
Жаннұр Бектұрғанова