Петропавлда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік ретро-концерт өтті. 90-шы жылдар стилінде ұйымдастырылған думанды кеш жүздеген қала тұрғыны мен қала қонақтарының басын қосты. Көрермен сол дәуірдің хит әндерін тындап қана қоймай, арнайы дресс-код сақтап, ерекше нақышта киініп келген.
ЕРДЕН ҚОЖАХМЕТОВ, қалалық мәдениет үйінің әртісі:
— Құрметті петропавлдықтар! Баршаларыңызды Халық бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін сіздерге өнерімізді көрсетеміз. Халқымыз көңілді болсын, аспанымызда көк байрағымыз желбірей берсін!
Кеш барысында ерекше киім үлгісін киген қатысушылар арасында байқау ұйымдастырылды. Қазылар алқасының шешімімен 15 қатысушы “Ең креативті киім үлігісі” номинациясы бойыша іріктеліп, оларға арнайы сыйлықтар табысталды. Қала тұрғындарының айтуынша, мұндай кештер қаланың мәдени өмірін жандандырады.
Жаннұр Бектұрғанова