ҚоғамТЖ

5 өрт сөндірушіні әріптестері зейнетке су шашу дәстүрімен шығарып салды

Алтынбек Әбдірахманов атындағы №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде бес өрт сөндірушіні құрметті еңбек демалысына шығарып салу рәсімі өтті. Мына мамандар облыс аудандары мен Петропавл қаласында қызмет етті. Әрқайсысының еңбек өтілі 20 жылдан асып жығылады. Осы уақыт ішінде талай мәрте өз өмірлерін қатерге тігіп, бірнеше адамды өлім аузынан алып қалды. Жиын барысында тағылымға толы әңгіме өрбіді. Зейнеткерлер құрметке бөленді. Қоштасу шарасының ең әсерлі сәтіне де келіп жеттік. Әріптестері дәстүр бойынша еңбек демалысына шығып жатқан зейнеткерлерге су шашты.

АЙМАТ ЖАБАЕВ, өрт сөндіру саласының ардагері, Жамбыл ауданы:
– Аталған салада 25 жыл жұмыс істедім. Өрт сөндірушінің жұмысы оңай емес. Бастысы командамен бірлесіп жұмыс істеу қажет. Сонда ғана қиын жағдайдан шыға аласың.