Құқық қорғау органдары

20 мәдениет-бір қызмет: өңірлік полицейлер Қазақстан халқының дәстүрлеріне қатысты білімдерін сынады

СҚО полиция сапында 20 этнос өкілі қызмет атқарады. Олар үшін бір-бірінің дәстүрлерін білу тек қызықты қана емес, қызмет үшін де маңызды. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында тәртіп сақшылары өз білімдерін “Qyzyljar” креатив орталығында өткен викторинада тексерді. Қатысушылар салт-дәстүрлерді, түрлі ұлт өкілдерінің әуендерін анықтап, ұйымдастырушылар дайындаған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара жүргізушілерінің ұлттық киіммен шығуы кештің сәнін келтіріп, ерекше атмосфера сыйлады. Нәтижесінде жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – тек жарысу емес, өзара құрмет пен ұлттар арасындағы достықты нығайту.