Қоғам

Тұтынушылардың құқығын қорғау

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің жұмысы қорытындыланды. Алғашқы тоқсанда мемлекеттік орган өкілдері 200-ге жуық өтініш қабылдаған. Бұл жүгінішу тараптың бұрынғыдан белсенді бола түскендігін аңғартады.

ҒАЛЫМЖАН АБАЕВ, СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

— Азаматтардың өтініштері біртіндеп артып келеді. Мәселен, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Департаментке 172 өтініш түскен. Шағымдардың шамамен 22%-ы қанағаттандырылған. Бір бөлігі құзыретті органдарға жолданған. Бірқатар жағдайларда мәселелер қарау сатысында-ақ шешілген. Бұл тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің біртіндеп дамып келе жатқанын көрсетеді. Ең жиі түсетін өтініштер бөлшек саудаға, интернет арқылы сатып алуларға және байланыс қызметтеріне қатысты.

Сапасыз тауардың сатылуы немесе жолдануы – жиі талқыланатын мәселе. Тілдесу кезінде өткізуші тарап қателікті мойындамауы мүмкін. Сондай кезде тәртіп пен талапты білген маңызды.

ҒАЛЫМЖАН АБАЕВ, СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

— Тұтынушылар нені ескеруі керек? Чектер мен құжаттарды сақтау, мүмкіндігінше жазбаша өтініш жолдау және қажет болған жағдайда уәкілетті органдарға жүгіну. Жалпы алғанда, жауапкершіліктің күшеюі жазалау ғана емес, сонымен қатар өзара іс-қимылдың түсінікті әрі ашық ережелерін қалыптастыруға бағытталған. Бизнес ашық әрекет етіп, тұтынушылардың құқықтары сақталған кезде неғұрлым тұрақты әрі бәсекеге қабілетті нарық қалыптасады.

Ал тәртіпке бағынбаған, заң бұзғандығы дәлелденген кәсіпкерлер мен қызмет көрсетушілер жаза арқалайды. Ағымдағы жылы мұндай тұлғаларға департамент тарапынан 1 млн теңгеге жуық айыппұл салыныпты.

Байболат Құлтанов