Петропавлда “Таза Қазақстан” акциясы аясында экологиялық іс-шара өтті. Оған 100-ге тарта адам қатысты. Олардың ішінде жастар, еріктілер, 6637 әскери бөлімінің сарбаздары, ардагерлер, “Жастар рухы” жастар қанатының өкілдері де бар. Қоршаған ортаға жанашыр жандар ескі зират аумағын қоқыстан тазартты. Мұнда ҰОС жылдары эвакуациялық госпитальға жіберіліп, сонда қаза тапқан майдангерлер жерленген.
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
— Соғыс жылдары ең үлкен госпитальдер біздің қалада болды. 3 бірдей эвакогоспитальде 1942 жылы 2 мыңға жуық сарбаз жатты. Қайтыс болғандары осында жерленді. Олардың жалпы саны – 447 адам. Бүгін барлығымыз ескі зираттарды қоқыстан тазартып жатырмыз.