«Таза Қазақстан» акциясы аясында коммунист, Петропавл қаласының алғашқы революционерлерінің бірі Анастасия Прокопичеваның ескерткіші жанындағы саябақ жиналды. Игі іске жергілікті белсенділер мен Гуманитарлық-техникалық колледждің студенттері қатысты.
ОЛЕСЯ РЫБАКОНОВА, СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:
— Қоғамдық даму және ақпарат орталығының мамандары Петропавл қаласының белсенді жастарын және студенттерді біріктіріп, ескерткіш маңын тазалау акциясын өткізіп отыр. Бұл – «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы жұмысымыздың жалғасы. Біз көпшілік жерлерге қоқыс тастамау мәдениетімен қатар, тұрып жатқан үйімізге, тарихымызға және мәдениетіне қамқорлық жасау түйсігін қалыптастыруымыз керек.
Бұл жер Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры ғимаратының артында орналасқан. Жастар жұмысты тез аяқтады. Алаң қоқыс пен жапырақ-бұтадан арылды. Акция қатысушылары Анастасия Прокопичеваның кім екенін жақсы біледі.
ЕКАТЕРИНА РАБСКАЯ, Гуманитарлық-техникалық колледждің студенті:
— Ол жас кезінде саяси істерге белсенді араласқан. Қалалық кеңестің мүшесі болды. Жергілікті биліктегі алғашқы әйелдердің бірі. Жерлесіміз қарапайым адамдарды қорғады, зауыттарды аралап, жұмысшылардың алдында сөз сөйледі. Кедейлер үшін әділеттілікті, теңдікті талап етті.
Петропавлда осындай экологиялық акция жалғасады. Келесі аптада еріктілер 314-атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне арналған ескерткіш маңын жинамақшы.