Құқық қорғау органдары

СҚО-да кәсіпкердің қырағылығы мал ұрлығының бетін ашуға көмектесті

СҚО-да сатып алушы кәсіпкердің арқасында ұрланған мал мен күдіктілер табылды. Оқиға желісіне тоқталсақ, Уәлиханов ауданының тұрғыны далада жайылып жүрген бес жасар қара малының жоғалғаны туралы полицияға шағым түсірген. Тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, бейнебақылау жазбаларын тексереді. Сонымен қатар, ықтимал өткізу орындарына да бақылау жүргізді. Іздеу жұмыстары кезінде шенділерге Ақмола облысындағы әріптестерінен хабарлама келіп түседі. Онда кәсіпкер өзіне ұсынылған еттің ұрланғаны туралы айтқан. Себебі, сойылған ірі қараның бірде-бір құжаты болмапты. Нәтижесінде полицейлер күдіктілерді бірден ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олар 26 және 27 жастағы Ақмола облысныың тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда сотка дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ұрланған ет иесіне қайтарылды. Айта кету керек, облыста мал ұрлығының 2 фактісі тіркелді. Алғашқысы Айыртау ауданында орын алған.