Құқық қорғау органдары

Қару тапсыр да сыйақы ал!

Қару тапсыр да сыйақы ал! Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстың алдын алу мақсатында арнайы науқан жүріп жатыр. Полицейлер аймақ тұрғындарын тіркелмеген қаруды бөлімге әкеліп, өткізуге шақырады. Петропавл қаласында әзірге бұл мүмкіндікті үш адам пайдаланған. Олар шенділерге түрлі маркадағы тегіс ұңғылы мылтықтарды тапсырған екен. Барлығы атуға жарамды. Еске сала кетейік, жаңа қару үшін 129 750 теңге, ал бұрын пайдаланылғандары үшін 90 829 теңге төленді.