Мәдениет

Жақсыбай Самрат: “Сәбит Мұқанов – «Алыптар тобының» белсенді өкілі”

Облыс орталығында дәстүрлі “Мұқанов оқулары” өтті. Сәбең десе, «Ботагөз», «Сырдария», «Адасқандар» сынды келелі туындыларды өмірге әкелген алып тұлға елестейді. Шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, жазушылар, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Сөз алғандар теріскейлік қаламгердің бай мұрасы, оны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру жайлы айтып өтті.

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, жазушы-журналист:

— Кеңес одағы жылдарында “Алыптар тобын” құрған 7 адам болатын. Солардың үшеуі – біздің өңіріміздің тумалары. Олар – М.Жұмабаев, С.Мұқанов және Ғ.Мүсірепов. Араларында аса көп еңбек еткен – Сәбит. Оның дарынына қоса еңбекқорлығы көп болған. Соның бәрі жастарға үлгі болу қажет деп есептеймін.

“Мұқанов оқуларында” болашаққа сеніммен қарайтын ұл-қыздар ерекше көзге түсті. Олар ақынның жауһар жырларын жатқа айтып, прозалық шығармаларынан үзінділер оқыды. Шарада жазушының сирек кездесетін қолжазбалары мен фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды. Жиынға қатысқан өзге жастар рухани азық алды.

БАҒДАР ЖАНАТ, М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы:

— С.Мұқановтың туындыларын оқысаң, күшті әсер береді. Бүгінгі шарада жазушы туралы көп ақпарат алдым. Қаламгердің шығармашылығын әрі қарай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізбекпін.

Атақты Сәбит Мұқанов 1900 жылдың 26-ші сәуірінде өмірге келген. Яғни, туғанына биыл 126 жыл толып отыр.

Жаннұр Бектұрғанова