Сенбіде өткен жалпыреспубликалық акцияға өңір полицейлері де белсенді қатысты. Тәртіп сақшылары Петропавлдағы Жұмабаев көшесі бойында орналасқан “Қазақстан полициясына-25 жыл” аллеясына 30 шырша көшетін отырғызды. Жасыл желек болашақта демалыс орнының одан әрі гүлденуіне септесері сөзсіз. Бұл күні шенділер ағаш егіп қана қойған жоқ. Облыстағы барлық бөлімшелердің аумағы қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары да жүргізілді.