Білім

Петропавлда кене мен масаға қарсы дезинсекция жұмыстары жүргізіліп жатыр

Көктемде маса мен кене оянып, күн ысыған сайын олар да пыси түседі. Жыбырлаған жәндік адам денсаулығына қауіп төндірсе, ызыңдаған түрі адамды шағып, әбден мазасын алады. Облыс орталығында 3 күннен бері дезинсекциялау жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар әсіресе адам көп жүретін жерлерді өңдеуде.

БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің баспасөз хатшысы:

— Қазіргі таңда Жеңіс саябағы, қалалық парк, Пестрое көлі маңы және Мещанское саябағы аумақтары толықтай дезинсекцияланды. Жалпы, биыл 2 мың гектарға жуық аумақты қамту жоспарланған. Жұмыстар тұрғындарға қолайсыздық тудырмас үшін негізінен түнгі уақытта жүргізіледі.

Мамандар белгіленген аумақтарды түнгі 1-де шығып, таң атқанша дейін өңдейді. Арнайы шашылған сұйықтықтың қауқары шамамен бір айға жетеді. Ал жаңбыр жауса жуылып-шайылып кетеді екен. Сол себепті, бұл үрдісті қайталап тұруға тура келеді дейді әкімдік өкілдері. Пестрое көлінің маңында жәндіктердің көбею қаупі жоғары болғандықтан бұл жер тұрақты түрде айына екі рет өңделеді. Аталған мақсатқа биыл 50 млн теңге бөлінген. Қаржы көлемі аз емес, тұрғындар өңдеу жұмыстары анағұрлым тиімді жүргізілуі тиіс деген пікірде.

Қайткенде де жағаны жайлауға жіберуге болады. Әсіресе, қала сыртына, орман ортасына демалуға шыққанда барынша сақ болу керек. Ашық түсті әрі жабық киініп, киімнің сыртын арнайы сұйықтықпен өңдеп алған дұрыс.

Жангельді Жамалиев