Облыста «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында «Ауданды тазалайық» экологиялық акциясы өтті. Азаматтар көшеде шашылып жатқан қоқысты жинап, гүлзарларды ретке келтірді. Шараға мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері, жастар мен жергілікті тұрғындар қатысты. Тазалық шарасы аудан орталықтары мен ауылдық округтерде бір уақытта жүргізілді. Барлығы – өңір бойынша 1,5 мың тоннадан астам қоқыс жиналған. Қоғам белсенділерінің айтуынша мұндай шараларды жиі ұйымдастыру керек. Бұл қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ете етеді. Жалпы, өткен жылдың басынан бері «Таза Қазақстан» науқаны аясында өңірде 400-ден астам сенбілік өткізіліп, 600 тоннадан астам қоқыс жиналған екен.