Мәдениет

Ұлттық кітап күні: “Кітап әлемі” атты кітап бульвары өтті

Ұлттық кітап күніне орай Петропавлдағы басты алаңда “Кітап әлемі” атты кітап бульвары өтті. Оған 500-ге жуық жас қатысты. Шара барысында ұл-қыздар “Абай” және “Мағжан” оқуларына, сан алуан шығармашылық шеберханаға қатысып, түрлі челлендж бен қойылым тамашалай алды. Айта кету қажет, Ұлттық кітап күні биыл өңірде алғаш рет ауқымды деңгейде атап өтілуде. Осы орайда өңірде арнайы акция ұйымдастырылды, яғни 73 мың оқушы мен 11 мың студент бірінші сабақтарын жерлесіміз, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын оқудан бастаған болатын.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО білім басқармасының басшысы:

— Бүгін бірінші сабақты барлық 439 мектеп оқушылары және 23 колледж студенттері Мағжан оқуларынан бастап отыр. Айта кету керек, бұл іс-шара 30-сәуірден балалар кітапханасы апталығынан басталған болатын.