Білім

Теріскейден күнгейге сапарға аттанған “SERPIN WAY” автобусы өңірге оралды

Теріскейден күнгейге сапарға аттанған “SERPIN WAY” автобусы өңірге оралды. Қозыбаев университетінің оқытушылары мен студенттері мінген темір тұлпар 22 күннің ішінде оңтүстіктегі 30 ға жуық аудан мен қаланы аралап шығып түлектерді аққайыңдар өлкесіне білім алуға шақырған. Бүгін бұл арнайы керуен 6 мың нан астам шақырымды артқа тастап, өңірге келді. Дүйім жұрт думандатып күтіп алды.

ОЛЖАС МҰХТАР, Қозыбаев университеті маркетинг кеңсесінің жетекшісі:

— Біз 14 қала әрі 16 елді мекенде болдық. Соның арқасында 13 мыңға жуық талапкерді қамтыдық. Оның ішінде 1500-ге жуық ата-ана мен кәсәби бағдар берушілер де бар.

Петропавлдан аттанған команда 24 адамнан тұрған. Олар бекітілген жоспарды толық орындапты. Еңбек өз жемісін берген. Қазіргі күні оңтүстік өңірлерден 2 мыңға жуық түлек Қозыбаев университетіне түсуге қызығушылық танытып отыр.

ЛЕЙЛА БЕРІКОВА, студент:

— Студенттердің ең басты сұрақтарының бірі – жатақхана мәселесі. Студент ретінде мен өзімнің тәжірибеммен бөлістім. Себебі, мен де осында білім алуға басқа қаладан келген болатынмын.

Айта кетейік, қазіргі күні Қозыбаев университетінде “Серпін” бағдарламасы бойынша 130-дан астам студент білім алады. Биылғы жоспар бойынша күнгейден тағы 400-ге жуық талапкер келеді жоспарланып отыр.

Ұлан Ыдырыс