25-ші сәуір күні «Қарасай» стадионында жергілікті «Қызылжар» шымкенттік «Ордабасы» командасын қабылдайды. Турнирлік кестедегі тартысты кездесу жанкүйерлер үшін нағыз шешуші сәттердің бірі болмақ. Матчтың алдында стадион алаңы ерекше көңіл күйге бөленіп, көрерменге әнші Ayau-дың концерттік бағдарламасы ұсынылады. Футбол мен әуен тоғысатын кеш спортсүйер қауымға ұмытылмас әсер сыйлайды дейді ұйымдастырушылар.