Kurultai banner mobile

Қоғам

Айыртау ауданында екі жұмысшы ажал құшты

Айыртау ауданында жаға ұстатарлық жағдай тіркелді! Саумалкөл ауылындағы серіктестіктердің бірінде еңбек ететін екі адамның денесі кәріз құдығынан табылды. Болжам бойынша 76-шы және 78-ші жылғы мамандар жұмыс барысында төменге түсіп, газға уланып қалған.

АЗАТ КӨШЕРБАЕВ, ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

— Екі жұмысшы қаза тапты: слесарь және электрик. Жұмысшы беруші департаментке жүгінді. Оқиғаның жай-жапсарын тексеретін комиссия құрылады.

Қоса кету керек, бұл – ағымдағы жылы өңірімізде жұмыс барысында тіркелген сегізінші жайсыз жайт. Департамент ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өндіріс кезінде екі адам ажал құшып, жеті адам жарақат алған.