Осы күндері Бразилияның Фос-ду-Игнасу қаласында бокстан Әлем кубогі өтуде. Байрақты бәсекеде 50-ден аса елден келген 400-ге жуық былғары қолғап шебері бақ сынап жатыр. Жаһандық жарысқа Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бірінші нөмірлі қыздары аттанды. Солардың бірі – петропавлдық Наталья Богданова. Жерлесіміз 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетпек. Алғашқы қарсыласы белгілі. Ол – Олимпиада жеңімпазы және әлемнің 3 дүркін чемпионы түркиялық Бусеназ Сюрменели. Тартысты кездесу кешкі сессияда, яғни жергілікті уақытпен түнгі 01:00-де басталады.