Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Ұлттық кітап күніне орай шара өтті. Тағылымы мол жиынға “Ұрпақтар әңгімесі” тақырыбы берілген. Аты айтып тұрғандай отырыс барысында өңірге белгілі жазушылар жастармен кездесіп, оқулықтардың адамға пайдасы жайлы кеңінен түсіндірді. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Марал Оспанованың сөзінше, кітапты тұрақты түрде оқып жүрген баланың өмірге деген көзқарасы басқаша болады. Ол әрдайым алға ұмтылып, ізденісте жүреді. Сонымен қатар, рухани құндылықтарымызға бай жастан болашақта елін ойлайтын азамат шығады.
МАРАЛ ОСПАНОВА, жазушы, ҚР Қазақстан Журналистер одағының мүшесі:
— Жастарға айтатыным, бар жақсылық – кітапта. Әлеуметтік желіде көп отырмау керек. Ғаламтордағы қажетсіз ақпарат уақытыңды алады. Өскелең ұрпқтың ұлттық құндылықтарымызға қанық болып өскенін қалаймын.