Денсаулық сақтау

Өңірдегі емдеу мекемелерінде Еуропалық иммундау апталығы өтуде

Өңірдегі емдеу мекемелерінде Еуропалық иммундау апталығы өтуде. Бұл – №1 қалалық емханаға қарасты жалпы дәрігерлік бөлімше. Мұнда балалар вакцина қабылдайды. Бойға тарайтын екпе түрлі аурулардың алдын алуға септігін тигізеді.

ЭЛЬВИРА МАЙШИЕВА, №1 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері:

— Қазір балалар қызамыққа, қызылшаға, паразитке қарсы екпе қабылдауда. Егер тұрғындар тарапынан вакцинаға қатысты сұрақтар болса, egu.kz сайты арқылы ақпарат алуға болады.

“Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде” деп бекер айтылмаған. Екпе – жұқпалы аурулардың алдын алудағы ең басты және тиімді медициналық құрал.

ЭЛЬВИРА МАЙШИЕВА, №1 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері:

— Бізде 6 жасқа дейінгі балаларға екпе қойылады. Бала 15 жасқа толғанда ол жасөспірімдер учаскесіне ауыстырылады.

Емдеу мекемесіне балаларын ерте келген ата-аналар екпеге сеніммен қарайды. Олар иммундаудың маңызы, пайдасы зор деп біледі.

АЛЬБИНА АДРАЕВА, қала тұрғыны:

— Біз шақырған сайын екпе қойдырамыз. Міне, 2 жасқа толуына байланысты алдық. Қазір балалар ауырмау үшін мықты иммунитет жеткіліксіз деп ойлаймын. Балабақшада егілмеген ұл-қыздар бар. Сондықтан осындай сақтық шараларына мән беру керек.

№1 қалалық емханада иммундау сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі. Науқан сәуірдің 25-ші жұлдызына дейін жалғасады.

 

Байболат Құлтанов