Қоғам

Түркиядан келген ғалымдар теріскейлік ветеринарларға дәріс оқыды

Бескөлдегі ғылыми-зерттеу институтында ветеринарларға арналған семинар өтті. Шараға ұйымдастырушылар Түркиядан саланың жілігін шағып, майын ішкен ғалымдарды арнайы шақырған. Ауыл шаруашылығы білім мен ғылымсыз алға баспайды. Салаға білімді әрі білікті, тереңінен ойлайтын жандар керек. Соңғы 3 жылда облысқа шетелден 9 мыңға жуық асылтұқымды ірі қара әкелінген. Теріскейлік ветеринарлар тұяқтыларды дұрыс тексеріп, сапалы күтім жасай білуі тиіс. Жұқпалы аурулардың алдын алып немесе уақытында анықтай білуі керек. Шара аясында шетелдік мамандар осы бағыттар бойынша тәжірибелерімен бөлісті.