Спорт

Соңғы секундта келген жеңіс: “Қызылжар” ФК үздіктер қатарына қосылды

Жергілікті футбол клубы үздіктер қатарына қосылды! Сенбі-жексенбі күндері футболдан Қазақстан Премьер лигасының алтыншы тур ойындары өтті. Бұл турда жергілікті “Қызылжар” мұнайлы шаһардың намысын қорғайтын “Атыраумен” кездесті. Сырт алаңдағы матч 0 де 1 есебімен теріскейліктердің пайдасына шешілді. Ойынның соңғы секундтарында шабуылшымыз Тимур Мульдинов допты тура бағыттап, қақпашыдан айласын асырды. Кезекті жеңістен соң петропавлдық ұжым турнирлік кестеде 4-ші сатыға көтерілді. Ендігі кездесу “Қарасай” стадионында шымкенттік “Ордабасыға” қарсы өтеді. Шымқалалықтар әлі чемпионат аясында жеңіліп көрмеді. Матч сәуірдің 25-і, кешкі 17:00-ге жоспарланған.