Петропавлда Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні аясында тазалық акциясы өтті. Оның барысында Ғ.Мүсірепов ескерткіші мен оның маңындағы саябақ қоқыстан тазартылды. Оған 20-дан астам ерікті қатысты.
Айта кетейік, теріскейде 500-ден астам ескерткіш бар. Алдағы уақытта олардың басым бөлігі тазартылатын болады. Аталмыш игі істің өтуіне ұйытқы болып отырған -азаматтық альянс ассоциациясы.
ӘСЕЛ ЕСЖАНОВА, СҚО азаматтық альянс ассоциациясының төрағасы:
— Бұл іс-шара республикалық “Мәдени мұраны бірге сақтайық” бастамасы аясында ұйымдастырылып отыр. Аталған акция Қазақстанның барлық қалаларын қамтыған. Алдағы уақытта біз оны жиі өткізуді жоспарлап отырмыз. Себебі, көбі көшелер мен саябақтарды, орталық алаңдарды тазалайды. Бұл әрине жақсы, бірақ тарихи орындар мен ескерткіштерді де естен шығармауымыз қажет.