Қоғам

Қызылжар ауданында 13 отбасыға азық-түлік пакеті табысталды

Қасиетті Рамазан – мейірім мен қайырымдылық айы! Қызылжар ауданында ақпанның 19-ы мен наурыздың 19-ы аралығында жиналған пітір садақаға қолдауды қажет ететін отбасыларға азық-түлік пакеті табысталды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, ағымдағы жылы әлеуметтік көмекпен 13 жанұя қамтылған. Әрбіреуіне 50 мың теңгенің тауары таратылыпты. Жәрдемге зәру отбасылардың тізімін аудандық әкімдік ұсынған екен. Еске салайық, биыл Қазақстанда пітір садақа мөлшері жан басына 735 теңгені құрады. Бұл мөлшер 2 келі ұнның орташа нарықтық бағасына негізделген.