Өңір полицейлері 9 жыл бұрын 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген 46 жастағы ер адамды ұстады. Ол Астана қаласының қос тұрғынын алдап, бірінен 900 мың теңге, екіншісінің пәтерін иемденіп алған. 9 жыл бойы іздеуде болған алаяқ елордада құрықталды. Сондай-ақ, Аққайың ауданында мал ұрлады деген күдікке ілінген ер адам Омбы қаласында құрықталған. “Іздеу” республикалық жедел-профилактикалық шарасы аясында екі күн ішінде 16 қылмыскердің жүрген жері анықталды. 13-і ТМД елдері бойынша іздеуде болған. Ұсталғандардың қатарында алаяқтық, ұрлық, көлік айдап әкету, пара беру және өзге де қылмыстар бойынша сотталғандар мен күдіктілер бар. Аталған шараға облыс бойынша 250 полиция қызметкері жұмылдырылып, 19 мобильді топ құрылыс нысандарын, хостелдерді, жалдамалы пәтерлер мен іздеуде жүрген адамдар болуы мүмкін өзге де орындарды тексерген.