Қоғам

Атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинетіне 400-ден астам өтініш келіп түскен

Қазақстанда атқарушылық іс жүргізу азаматтар үшін жыл сайын қолжетімді бола түсуде. Оған дәлел – “Атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті”. Заман игілігі өткен жылдың шілде айында іске қосылған. Аталмыш сервис арқылы борышкер мен өндіріп алушы өздері бойынша толық ақпарат алып, қашықтықтан өзара байланыс орната алады. Бұл қызметті пайдалану үшін азаматтар aisoip.adilet.gov.kz сайтына тіркеліп, Аdilet мобильді қосымшасын жүктеп, электрондық цифрлық қолтаңбамен авторизациядан өтуі қажет.

ЕСТАЙ РАШҚАЛИЕВ, СҚО әділет департаментінің басшысы:

— Ол жерде өзіне қатысты атқару өндірісі бар- жоғын немесе қандай да болмасын есепшоттарына, республикадан шығуға тыйым салу сияқты ақпараттарды алуға болады.