Құқық қорғау органдары

Сотталғанға сәлемдеме: түзету мекемесіне жіберілген тәттіден апиын анықталды

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №51 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанға апиын жіберілген. Қостанайдан жолданған есірткілік зат тәттілердің арасынан табылыпты. Жіберуші сәлемдемені кәмпиттің қаптамасымен ораған екен. Қырағы қызметкерлер 2 күмәнді карамельді анықтап, сараптамаға жібереді. Нәтижесінде жалпы салмағы 0,9 грамды құрайтын еліткіш табылады. Аталған фактіге қатысты есірткі құралдарын заңсыз дайындау, алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Департамент ұсынған дерекке сүйенсек, бұл – ағымдағы жылдың басынан бері тіркелген алғашқы осындай әрекет.