Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде биылғы түлектерге арналған “Ашық есік күні” шарасы өтті. 15 мектептен келген 250-ге жуық оқушыға білім ұясы таныстырылып, мамандықтар жайлы айтылды.
АНАР НҰРҒАЛИЕВА, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі директорының орынбасары:
— Бүгін мектеп түлектері әр мамандық бойынша жабдықталған заманауи зертханаларда шеберлік сабақтарына қатысады және сол мамандықтар жайлы толығымен мағлұмат алады. Сонымен қатар, колледж әкімшілігімен, оқытушыларымен жүздесіп, толғандырған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндігі бар.
Бүгінде колледжде 9 мамандық бойынша мыңнан астам студент білім алуда. Олардың басым бөлігі мемлекеттік грант негізінде оқиды, шәкіртақымен қамтамасыз етілген. Оқу орнында білім сапасына ерекше мән беріледі. Ж.Ташенов атындағы №20 орта мектептің 9-сынып оқушысы Сұлтан Баймолда шарадан ерекше әсер алыпты.
СҰЛТАН БАЙМОЛДА, оқушы:
— Мен бұл жерге оқу орнымен танысып, мамандықтар туралы ақпарат алу үшін келдім. Іс-шара барысында экскурсияға қатысып, студенттермен, оқушылармен сөйлестім. Колледждің заманауи жабдықтары мен тәжірибеге мән берілетіні ұнады.
Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжін таңдаған түлек өкінбейді. Білім орны бірқатар кәсіпорынмен ортақ келісімге келген. Қол қойылған құжат аясында жастар жұмыспен қамтылады.
Жаннұр Бектұрғанова