Қазақстан жаңалықтары

Роман Скляр Алматыға сапары барысында ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын тексерді

ЖЭО-2-де табиғи газға көшіру арқылы жаңғырту жүріп жатыр (2026 жылы аяқталады).
Жоба қуаты 600 МВт-қа дейінгі жаңа станса салуды және экологияны жақсартуды көздейді. Құрылыс жұмыстары шамамен 55% аяқталған, негізгі жабдықтар орнатылуда.
ЖЭО-3-те қуаты 450 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу және ескі жабдықтарды жаңарту жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары басталып, алғашқы жабдықтар орнатылған.
Роман Скляр жобаларды уақытында аяқтау, сапаны бақылау және құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды.
https://primeminister.kz/news/roman-skliar-almatydagy-zeo-2-men-zeo-3-nysandaryn-zangyrtu-barysymen-tanysty-31271