Петропавлда «Өмір сүру құқығы» тақырыбында жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған шамамен 60 сотталған қатысты. Олармен әртүрлі бағытта тәрбиелік жұмыстармен айналысатын үкіметтік емес ұйым өкілдері әңгіме жүргізіп, қандай көмек көрсетілетінін түсіндірді. Сондай-ақ, бұл жиынға бұрынғы рецидивистер, алкогольге, есірткіге тәуелді болған, алайда қазір өз кәсібін ашып, отбасы құрған азаматтар да шақырылды. Олар ақыл-кеңеспен бөлісті.
МАДИМАР ДҮЙСЕНОВ, Петропавл қалалық пробация қызметінің бастығы:
— Қазіргі таңда Петропавл қалалық пробация қызметі бөлімінде 343 сотталған тұр. Олармен тұрақты негізде тиісті жұмыс жүргіземіз. Мақсатымыз – қайта әлеуметтенуге қолдау көрсету, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдармен жұмыс жүргізу және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бүгін біраз пайдалы деректер айтылды. Әрбіріміз мұқият тыңдадық.