Қоғам

Петропавл маңында су көлемі қауіпті деңгейге жақындап келеді

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды. Ақмола облысынан келіп жатқан ағынға байланысты Сергеев қоймасындағы деңгей қайтадан көтеріліп жатыр. Есілдегі өсім облыс орталығы маңында да байқалады. Жауапты мамандардың мәліметінше, Петропавл гидроторабындағы көрсеткіштер тәулік ішінде 26 сантиметрге артып, бүгінде 902 см жеткен, ал қауіпті шек – 940 см. Егер деңгей бұдан асып түссе, Борки кенті аумағындағы жайылмаға су шығу қаупі бар. Құзырлы қызметтер күн-түн демей жағдайды бақылауда ұстап отыр.