Henley & Partners компаниясы жариялаған Henley Passport Index деректеріне сәйкес, қазақстандықтар әлемнің 78 еліне визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен бара алады.
Жаңартылған рейтингте 1-орынды Сингапур иеленді. Одан кейін Жапония мен Оңтүстік Корея орналасқан. Ал тізімнің соңында Ауғанстан тұр – бұл ел азаматтары небәрі 24 мемлекетке визасыз кіре алады.
Орталық Азия елдері арасында Қазақстан ең жоғары позицияны сақтап отыр.
Аймақтағы өзге мемлекеттердің көрсеткіші мынадай: Өзбекстан мен Қырғызстан – 73-орында, Тәжікстан – 79-орында, ал Түрікменстан 87-орында тұр.
https://inbusiness.kz/kz/last/kazakstan-pasportynyn-mumkindigi-artty-78-elge-vizasyz-kiruge-bolady